Жаңалықтар - Заң - 03.10.2023

Атыраулық полицейлер айыппұл төлеуден жалтарған 1092 көлік жүргізушісін анықтады

Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құқық бұзушылық әрекеті үшін айыппұл төлеуден жалтарған тұлғаларды анықтады, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. 

Биыл қыркүйек айында айыппұлдарын төлемей жүрген барлығы 1092 автокөлік иесі белгілі болды. Оның 131-і айыппұл өндірілгенге дейін арнаулы тұраққа қойылды. Ал, 900-ге жуық көлік жүргізушісі сол жерден айыппұлын өтеді.

Атырау қаласы бойынша «Қорғау — қауіпті жүргізуші», «Сергек» ақпараттық жүйесінің көмегімен қыркүйек айында барлығы 490 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелген.

 

Фото egemen.kz сайтынан алынған.