Заң - 29.09.2023

Мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін жауапқа тартылды

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» 

Сотта анықталғандай, Ж. алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарып, тиісті ара-қашықтықты сақтамай, Н.-ның басқаруындағы көлік құралына соқтығысқан. Салдарынан жәбірленушінің көлік құралы бүлініп, оған материалдық залал келтiрілген.

Сот отырысында Ж. кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

Сот қаулысымен ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Фото zhaikpress.kz сайтынан алынған.