Атыраудағы Президент резиденциясының орнына лагерь ашылады

Атыраудағы Президент резиденциясының орнына лагерь ашылады. Бұл туралы жергілік телеарналардың бірі хабарлады.

Бұл нысан қаладан 40 шақырым жерде орналасқан. Қазіргі таңда ол облыстық білім беру басқармасына қарасты «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының балансында тұр.

«Жас дарын» деп аталатын демалыс орнында 300 орындық асхана мен 300 орындық жатақхана салынбақ. Жергілікті әкімдік оны 2024 жылдың маусым айында ашуды жоспарлап отыр. Алайда, оған қажетті қаражат бөлінбеген. Сондықтан, бұл жұмыстарға инвесторларды тарту көзделген.

Бүгінгі таңда аумақты шөптен тазарту, ағаштарды күтіп-баптау секілді жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, парта, компьютерлер сатып алынған. Ол үшін 96 миллион теңге қарастырылыпты.