Аймақ - Әлеумет - 26.07.2023

Жертөле тазалау жұмыстары басталды

Атырау облысы әкімі Серік Шапкеновтің тапсырмасына сәйкес, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі және ПИК қызметкерлерімен Вокзал маңы-3 ықшам ауданы, 26 А мекен-жайы бойынша жертөле тазалау жұмыстары басталды. Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін, 26 шілде күні аталған орынға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Серік Нсанбаев барып, атқарылып жатқан жұмыс барысын қадағалады. Айта кетейік, жертөлені тазарту, қалпына келтіру жұмыстары әкімдік тарапынан бір рет ұсынылады. Әрі қарай қадағалау жұмыстарын пәтер иелері кооперативі атқарады.