Ойыл өзеніне көпір салынады

«Халық қаласа, хан түйесін соядының» кері келді.

Соңғы екі жылда Қызылқоға ауданына өр суы мол келіп, қауіп төндірді. Биыл Ойыл өзеніндегі су деңгейі 3 метрге көтеріліп, төтенше жағдайдың алдын алу бағытында облыстық маңызы бар «Индер–Сағыз» тасжолының Миялы–Жангелдин бөлігі жырылған еді.

Аудан орталығымен қатынас үзілмес үшін айналма жол салынып, бүгінде аудан тұрғындары уақытша жол арқылы өтіп жүр.

– Көктемгі су тасқынында бұзылған тасжолдың орнына ұзындығы 61 метрге созылған сәулетті көпір салынады. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттама жасақталуда. Көпір салу жұмыстары облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы жүзеге асып, қыркүйек айында басталып, қараша айында аяқталады деп жоспарлануда, – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы К.Камаладенов.

 

А.Ардаққызы