Айыппұлы бар көліктер камера арқылы анықталуда 

23 шілде күні Атырау қаласының полиция басқармасы Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Interceptor жүйесі арқылы төленбеген 362 250 теңгені құрайтын 14 айыппұлы бар Lada автокөлігін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Аталған автокөлікті полиция қызметкерлері тоқтатып, заң шеңберінде тиісті іс-шара қабылданды. 

Сондай-ақ, 24 шілде күні 10:30 шамасында бейнебақылау қызметкерлері күдік тудырған Toyota маркалы автокөлігін байқап, Батыс-28 қызметкерлеріне бағыттама берген. Аталған автокөлікті патрульдік полиция қызметкерлері уақытылы тоқтатып, тексеру кезінде 2 айыппұлы (34500 теңге) бар және мемлекеттік белгісі жалған екенін анықтаған. Қазіргі таңда автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.