Атырауда «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

24 шілде – 30 шілде күндері облыс аумағында «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шара барысында тіркелген қаруы бар азаматтар заңнамаға сәйкес атыс қаруларды сақталуына тексеру жұмыстары жүргізілетін болады. Сол себепті азаматтық атыс қаруларыңызды сақталуын және сақтау мен алып жүру рұқсат қағазының мерзімін бақылауға алуларыңызды сұраймын.

Сонымен қатар, Атырау облысы тұрғындарының назарына оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында заңсыз айналымдағы, тіркелмей немесе құжатсыз қалып қойған қару мен оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды анықталған жағдайда өз еркімен полицияға тапсыруға болады. Өз еркімен тапсырған тұлға қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеміз.