Amanat партиясы кеңес өткізді

Бүгін “AMANAT” партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы экономика,кәсіпкерлік және аграрлық секторды дамыту мәселелері бойынша аймақтық кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді. 

Отырыста партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының шағын және орта бизнесті дамыту тармақтарының орындалысы және осы мәселеге байланысты өзге жайттар талқыланды.

Бұл кеңеске партияның хатшысы Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы және ауыл шаруашылығы вице-министрі Бердалин А.Б., экология және табиғи ресурстар вице-министрі Құрмалаев Н.С., индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейспеков А. Ө., Атырау облысы әкімінің орынбасары Мурзиев М.Б. мен барлық деңгейдегі депутаттар қатысты.

Кеңес барлық қатысушылар үшін тиімді болды. Мұндай құрамдағы кездесу бірінші рет өтіп отыр. Облыс тұрғындарынан бізге ең көп қойылатын сұрақтар шағын және орта бизнес өкілдерінен.

Талданып отырған мәселелер бойынша депутаттар өз сауалдарын министрлік адамдарына еркін форматта қойды.

Аймақтағы шағын және орта бизнестің дамуына кедергі боп түйткілдер де ашық айтылды. Жол картасына сай жұмыстардың атқарылуына партия тек бастамашы боп қана қоймайды, үнемі бақылап орындалуы да назарда болады.