Мұрат Мөңкеұлының өлеңдері жатқа айтылды

Қызылқоға аудандық балалар кітапханасында көрнекті ақын, төкпе жырау, шебер айтыскер, сөз зергері Мұрат Мөңкеұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Зар заманның жыршысы – Мұрат ақын» тақырыбында жыр сайысы өтті. 

Жыр кешінде Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің оқушылары, Ы.Шөрекұлы атындағы мектеп гимназиясының оқушылары бақ сынады. Тарихи тұлғаның өмірі мен шығармаларын насихаттауды мақсат еткен байқауға аудандық тарихи- өлкетану музейінің қызметкері Г.Дайрабаева, аудандық архивтер және құжаттама бөлімінің басшысы К.Сапар, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Р.Әбілханова қазылық етті.

Байқаудың бірінші шарты бойынша қатысушылар өздерінің жүректерінен шығарған арнау өлеңдерін мәнерлеп оқып шықса, екінші кезеңде ақынның » Үш қиян» толғауы, «Сарыарқа», «Қазтуған» толғауларынан үзінді, » Өлім», «Үлгілі сөзді сөйлейін», т.б жырларын жатқа оқыды. Ал үшінші кезеңде қатысушылар ақынның өмір жолынан қойылған сұрақтарға белсене жарыса жауап берді.

Қазылар алқасынаның қорытындысымен оқырман А.Айболатұлы мен А.Азаматқызы үшінші орынды бөлісіп, 2-орын Ы.Шөрекұлы мектебінің оқушысы Н.Ізбасқанға бұйырды. Ал 1-орынды С.Сейғуатұлы иеленді. Қатысушылар дипломмен,сыйлықтармен марапатталды.