COVID-19: соңғы тәулікте Атырауда 43 адам ауру жұқтырды

341 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда. Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 38, Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 2 науқас анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 1 адам, Индер ауданында 1, Мақат ауданында 1 адамнан анықталды. Коронавирустық инфекциясы бар 17 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Ал өткен тәулікте облыста коронавирустан 11 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 528 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 118, №2 облыстық ауруханада 100, фтизиопульманологиялық орталықта 17, аудандық инфекциялық стационарларда 64 адам ем алуда. Сонымен қатар, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 42 адам емделуде.

Жалпы, жансақтау бөлімінде 20 адам емделуде. ӨЖЖ аппараттарына 4 пациент қосылған. Бұл ондағы 81 төсек-орынның 24,7 пайызы бос емес дегенді білдіреді.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «сары» аймақта қалып отыр.