Атырау облысының 65,5 мың тұрғыны екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда. Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы мәлімет бойынша, 12–13 маусым күндері «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 928 жергілікті тұрғын алды.

Жалпы, 1 ақпан мен 13 маусым аралығындағы кезеңде барлығы 65 582 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Сонымен қатар, вакциналардың II компонентін 23 369 адам алып үлгерген.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді. Егу пункттерінде қандай вакциналар барын 98-02-92 call-орталықтың нөмірі бойынша білуге болады.