Спорт - 16.04.2021

Алпысбаев Жандос – бокстан ел чемпионы

10-14 сәуір күндері Атырауда 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. 4 күн бойы 250-ге жуық былғары қолғап шеберлері өзара мықтыны анықтады.
Айбек Нысанбаев бастаған Атырау облысының былғары қолғап шебелері 1 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болды.
66 келіде Алпысбаев Жандос алтын жүлде және жарыстың “ең үздік боксшысы” атағына ие болды. 42 келіде Ахмет Дәулеткерей мен 60 келіде Қабдрахим Мансур ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.
46 келіде Сергей Нұрасыл, 48 келіде Марат Ануарбек және 52 келіде Джарбулов Артур қола медаль еншіледі.
– Біздің басты мақсат – жасөспірімдер спортын дамыту арқылы резерв қалыптастыру. Осыған орай, ел чемпионатын Атырау облысында ұйымдастыруды жөн көрік. Бүгінгі жарыста жүлдегерлер қатарынан көрінген спортшыларымыз алда талай биіктерді бағындырады деп сенемін, – деді басқарма басшысы Ринат Ибрагимов.
Айта кету керек, мамыр айында Қазақстан Республикасының жастар ойындары аясында бокс бәсекелері Атырау қаласында өтеді.