Атырауда 76 жастағы зейнеткерге шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Атырауда 76 жастағы кейуанаға қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік желіде 76 жастағы жалғызбасты зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тараған.
– Махамбет ауданының тұрғыны 14 наурызда сағат 08:00 шамасында 1945 жылы туған әйел адамның үйіне заңсыз кіріп, үшкір затпен қорқытқан. Әр түрлі купюрадағы 14 мың теңгені, алтын бұйымдарын алып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген залал көлемі – 114 мың теңге. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, осы қылмысқа күдікті 31 жастағы азаматты ұстады, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.