Шаңды дауылға байланысты жол жабылды

Маңғыстау облысындағы Доссор–Құлсары–Бейнеу–Сай–Өтес–Шетпе–Жетыбай–м/п Ақтау тасжолы жабылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

– Бүгін сағат 15:30-да Маңыстау облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты (күшті жел, шаңды дауыл, жолдың көрінбеуі) Доссор–Құлсары–Бейнеу–Сай–Өтес–Шетпе–Жетыбай–м/п Ақтау тасжолының 337–705 шақырымында, Бейнеу мен Жетібай ауылдарының аралығыда барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, – делінген хабарламада.