Наурызға орай жәрмеңке өтеді

Наурыз мерекесіне орай Атырау қаласының және Мақат, Индер, Махамбет аудандарының тауар өндірушілерімен шаруашылық құрылымдарының қатысуымен сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін «Аламан» базарында жәрмеңке ұйымдастырылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жәрмеңкеде Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, коронавирустық инфекцияның алдын алу және болдырмау шараларын ұйымдастыру мақсатында адамдар арасында әлеуметтік арақашықтық (2 метр) және маскалық режимді сақтау талап етіледі.