Армрестлинг шеберлері 5 медаль еншіледі

Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

13–16 наурыз күндері Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында армрестлингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстан облыстарының барлығы қатысып, жалпы 120 спортшы күш сынасты.

Атырау облысы мүгедектер спорт клубының спортшылары 3 күміс, 2 қола медаль иеленді.

Хайрошев Мирас (60 келі) , Қайрушев Аслан (90 келі) және Набиева Асия (+75 келі) екінші орын алса, Турдалиев Калыбай (70 келі) мен Телеугалиев Ильяс (80 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кету керек, ел чемпинатында жүлдегер атанған спортшыларымыз Азия чемпионатына жолдама алды.