«Бұлтты бухгалтерия» — бюджет ашықтығына кепіл

ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздегі мектептер «Цифрлы бухгалтерия мен қаржы» жүйесін енгізіп жатыр. Бұл – білім ордаларындағы бюджетті пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс.

Жүйе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға және көпшілік үшін білім саласындағы қаржыландырудың ашықтығын арттыруға жағдай жасайды.

Білім беру ордаларында жұмыс істейтін бухгалтерлердің айтуынша, жаңа форматтағы жұмыс қаржыны жоспарлау, басқару және пайдалану процесін жеңілдетіп, тиімділігін арттырған.

– Бұлтты бағдарламаның ішіне барлығы кіреді. Тарификация, есеп бағдарламасы, мемлекеттік сатып алу – бәрі бір жерде. Ал бұрынғы бағдарламада бәрін жеке сатып алатынбыз. Жүйеде жұмыс жасаған өте ыңғайлы, – деді Нұр-Сұлтан қаласы №90 гимназиясының бас есепшісі Нұргүл Оразбекова.