Аймақ - 17.03.2021

«Әдеп кодексінің талаптары мен қағидаттары және іскерлік стильді сақтау туралы» баяндама жасалды

Атырау облысына қарасты Экология департаментінде айтулы жиын өтті. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Гаухар Қайратбергенқызы қатысты.Оның «Әдеп кодексінің талаптары мен қағидаттары және іскерлік стильді сақтау туралы» баяндамасы көпшілік назарына ұсынылды.

Жиынды Департамент басшысы Әлібек Мұратұлы алғы сөзбен бастап, қатысушыларға бас маманды таныстырып өтті. Кейін Гаухар Қайратбергенқызы баяндама барысында «Әдеп қағидаттарының» ұғымы мен негізгі талаптарын, мемлекеттік қызметшілердің құқықбұзушылыққа бармауын және олардың алдын алу жолдарын кеңінен тарқатып айтты.

Департамент қызметкерлері маманға көкейтесті сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын естіді.

Жиын соңында мемлекеттік қызметшілер маманның баяндама жұмысына оң көзқарастарын танытып, аталған стандарттар мен талаптарды қолдайтындығын жеткізді.