Экология департаментіндегі жиын

Атырау облысы бойынша экология департаментінде наурыз айының 13-і күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер жөнінде және қылмыстық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынулар түсіндірілген жиын өткізілді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиын барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша  департаментінің басшысы Қ. Сүлейменов Департаменттің қазіргі таңда облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстарына қысқаша тоқталып өтті.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі М. Сайпулаев қылмыстық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстарды баяндай отыра, осындай заңбұзушылықтарға жол бермеу керектігін ескертті.

Сондай-ақ, аталған Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ж. Қаражанов Экология департаменті қызметкерлеріне ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.