Шартты түрде босатылған азамат қайта түрмеге қамалды

Жазасын өтеуден шартты түрде босатылған азамат бір жылдың ішінде 3 рет жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Атырау облыстық ПД хабарлайды.

Бұрын сотталған ​45 жастағы азамат 2019 жылы Маңғыстау облысынын №2 қалалық сотымен 2007 жылғы 07 шілдесiндегi үкімімен тағайындалған жазаның өтелмеген 1 жыл 10 ​ ай 4 ​ күнді өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.
– Алайда бұл азамат бір жылдың ішінде 3 рет құқық бұзып үлгерген.
Қоғамдық орындарда құқықбұзушылық әрекеттерін жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі, 441-бабының 1-бөлігі 2-тармағы және 492-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген департамент таратқан хабарламада.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 72-бабының 7-тармағына сәйкес, жазаның қалған өтелмеген бөлігі ішінде екі және одан да көп әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін қолданылған әкімшілік жазалары негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жойып, жазасының өтелмеген бөлігін орындау туралы берген ұсынысы сотпен қанағаттандырылды.
Сонымен қатар, жазаның өтелмеген қалған бөлігін орындау туралы қаулы шығарылды.