Облыстық перзентхана қала сыртына көшіріледі

Pricom.kz-тың хабарлауынша, бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев айтты.

Оның айтуынша, Атырау қаласы маңындағы Талғайраң ауылында биыл облыстық көпбейінді аурухана құрылысы басталады. 350 керуеттік жаңа ауруханаға Атырау облыстық перинаталдық орталығы көшіріледі.

– Ал қолданыстағы облыстық перзентхана ғимараты №1 Атырау қалалық емханасына беріледі. Перзентхананың екінші көпқабатты ғимараты дәрігер мамандар үшін баспана тұрағы түрінде қайта жасақталады, – деді Асхан Байдуалиев.