Кеше өңірде 27 адамнан КВИ анықталды
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
9 наурыздағы жағдай бойынша Атырау облысы қайтадан «сары» аймаққа кірді.
Өткен тәулікте өңірде 27 адамнан Covid-19 анықталса, 85 науқас аталған дерттен айыққан.
Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «сары» аймақта орналасқан.