Атыраудың құтқарушылары үздіктер қатарында

Нұр-Cұлтан қаласының «Құтқарушы» спорт кешенінде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті. Командалық сайыста Атырау облысының спортшылары күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлайды.

Сайысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 18 командада 272 қатысушы өзара мықтыны анықтады.

Жекелей сайыста кедергілер арқылы 100 метрлік жолақтан өту бойынша ерлер арасында Пузиков Даниль чемпион атанса, жастар арасында Құлмахамбет Нұрдәулет қола жүлдеге ие болды.

Шабуыл баспалдағымен мұнараға көтерілу сайысында Қайсарбеков Жасұлан алтын жүлде, Мағау Нұралы қола жүлде еншіледі.