Теңіз кен орнында жаңа жоба іске асуда

ҚазАқпараттың хабарлауынша, ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев Теңіз кен орнындағы жұмыстар туралы баяндады.

– Теңіз кен орнында құны 45,2 млрд. АҚШ доллары болатын Келешекте кеңейту жобасы іске асырылып жатыр. Жобаны 2023 жылы аяқтау күтіліп отыр, бұл өндірісті жылына 12 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобадағы қазақстандық қамту көлемі – 36 пайыз, – деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі кезде жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоба бойынша жалпы прогресс – 81 пайыз.

– 2021 жылы жұмыстар прогресінің күтілетін деңгейі 90 пайызды көрсететін болады, – деді Н. Ноғаев.