Атырауда жәрмеңке өтеді

Атырауда 7 наурыз күні ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңке Атырау қаласының әкімдігі ұйымдастыруымен сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін «Сарайшық» коммуналдық базарының алдында Атырау облысы ауыл шаруашылығы және тауар өндірушілердің қатысуымен өтеді.

Жәрмеңкеде Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, коронавирустық инфекцияның алдын алу және болдырмау шараларын ұйымдастыру мақсатында адамдар арасында әлеуметтік арақашықтық және маскалық режимді сақтау талап етіледі.