Covid-19: +40; -45

Атырау облысында өткен тәулікте 40 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.

Қауіпті індет жұқтырғандардың 15-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 24 жұмысшы, Индер ауданынан 1 адам тіркелген.

Covid-19 жұқтырған 8 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Сондай-ақ, кеше өңірде аталған дерттен 45 адам жазылып шықты.

Қазіргі уақытта 96 науқас үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 66, аудандардағы инфекциялық стационарларда 16, Теңіз кенішінің стационарында 255 адам оқшауланып ем қабылдауда.

Айта кетсек, індет жұқтырғандар санының тәулікиік көрсеткіші бойынша Атырау облысы – «жасыл» аймақта.