Бекзат – Қазақстан чемпионы

26–28 ақпан күндері Алматы облысының Текелі қаласында карате шинкиокушинкайдан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, 16–17 жас аралығында 65 келі салмақта Бекзат Амиров жарыс жеңімпазы атанды. Ол 4 кездесуінде де уақытынан бұрын ұтып, Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады. Одан бөлек әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

12–13 жас аралығында 45 келі салмақта Батырхан Амангелдиев қола жүлдеге ие болды. Ол үш кездесуін ұтып, жартылай финалда Нұр-Сұлтандық спортшыға есе жіберіп алды.