Былтыр көлік апатынан 1 192 адам қаза тапқан
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният өткен жылы жол-көлік апатынан зардап шеккендер туралы айтты.
– Жол-көлік оқиғаларынан жарақат алу халықтың өлім-жітімі құрылымындағы себептердің бірі ретінде ерекше назар аударуды талап етеді. Мәселен, 2020 жылы ЖКО-дан 24 952 адам зардап шекті, оның ішінде 1 192 адам қаза тапты (3,7%). Олардың 94,5 пайызы жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған, стационарда мерт болғандар саны 5,5 пайыз, – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.