Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлайды.
Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
– Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ, балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар, педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі, – делінген хабарламада.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
— ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
— баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
— «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
— 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
— 3х4 көлеміндегі 2 фото.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.