Атырауда алғаш рет қуыршақ театры ашылады

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Берік Жәменовтің айтуынша, 26 наурызда балаларды қуантатын жаңа өнер ұжымының таныстырылымы өтеді.

Қуыршақ театрының ашылуына орай атыраулық әртістер Бекет Зинуллиннің сценарийі бойынша «Ата мектебі» ертегісін дайындап жатыр.

– Елімізде балалар драматургиясы кенжелеп қалған. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін өзіміз сценарий жазуымызға тура келеді. Бұл жолы балаларға арнап ертек жазатын таланты актер Бекет Зинуллиннің шығармашылығына жол ашылғалы отыр, – дейді театр директоры Берік Жәменов.