Кикбоксшылар Петропавлда 3 алтын еншіледі

Петропавлда әйелдер мер ерлер арасында «Ауған Республикасынан Совет әскерін шығарылған 32 жылдығына арналған кикбоксингтан Солтүстік Қазақстан Кубогы» ХХІ республикалық турнирі өтті. Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлайды.

Данияр Юсупов бастаған Атырау облысы спортшылары пандемиядан кейінгі алғашқы жарыстарын сәтті бастап, 3 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншіледі.

60 келіде екі дүркін әлем чемпионы Жандос Назарбеков қарсылас шақ келтірмесе, 86 келіде Сәлімжан Сәлімгереев пен аса ауыр салмақ дәрежесінде Аян Жанболатов та алтын жүлделерге ие болды.

57 келіде Сәлімгерей Жанали, 71 келіде Өтемісов Азамат және Айболат Базарбаев күміс медаль иеленсе, үздік үштікті Дастан Амантурин қорытындылады.