Көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра көлік жүргізген 26 азамат жазаланды

Көлік жүргізу құқығынан айырылған күйде көлік басқарған әйел адамға айыппұл салынды. Бұл туралы Атырау облыстық ПД-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

1 наурыз күні сағат 22:05 шамасында Құлманов көшесінде орналасқан 111 үйдің тұсында патрульдік полиция  қызметкерлері «Chevrolet Aveo» автокөлігін тоқтатқан. Тексеріс кезінде 40 жастағы жүргізушінің көлік жүргізу құқығынан айырыла отырып, көлік басқарып келе жатқандығы анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 102 095 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жыл басынан бері дәл осындай әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 26 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.