Жаңа монеталар сатылымға шығарылады

«BELKA. STRELKA», «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталары 1 наурызда сатылымға шығарылады. Сонымен қатар, «MEDEÝ» коллекциялық монетасын сату форматы өзгерді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Ұлттық банкі «Космос» сериясынан – «BELKA. STRELKA», «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» сериясынан – «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталарының сатылымға шығатын күнін жариялады.

– «BELKA. STRELKA» монеталары – 1 наурызда, «SÚNDET TOI» – 9 наурызда сатылымға шығарылады.Олар әлеуметтік қашықтықты және белгіленген эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Ұлттық банктің аумақтық филиалдары арқылы сатылады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар. Ұлттық банк «MEDEÝ» коллекциялық монеталарын сату форматы өзгергенін мәлім етті.Олар интернет-дүкенде, сондай-ақ, Ұлттық банктің аумақтық филиалдарында саудаланады.