Бір аптада 3 366 қылмыс жасалған

Елімізде бір апта ішінде 3 366 қылмыс тіркелді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өткізген онлайн брифингте айтылған.

– Елімізде бір апта ішінде 3 366 қылмыс жасалды, оның 2 184-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтірудің – 13, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің – 6, қарақшылықтың – 1, тонауға қатысты – 45 және бөтен мүлікті ұрлаудың 511 қылмысын ашты, – дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.