Өңірде вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды
Бүгін Атырау облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды.
Облысқа Ресейде жасалған «Спутник V» вакцинасының тағы 1 000 дозасы әкелінді.
Бұған дейін аталмыш вакцинаны қабылдағандар, енді оның екінші дозасын салдыртуда.
Еске сала кетсек, коронавирусқа қарсы вакциналар Атырау қалалық №3 емхана мен Геолог емханасында және аудандардағы ауруханаларда медицина мамандарына салынуда.