Атыраудан Түркістанға тікелей рейс ашылды

Атырау мен Түркістан бағытында тікелей рейс ашылды.

Атыраудан Түркістанға пойызбен жету үшін тәуліктен астам уақыт кететін болса, 28 наурыздан бастап мұнайлы астана тұрғындары киелі шаһарға тез, қауіпсіз және арзан бағаға қатынауға мүмкіндік алады.

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы Қазақстанның қос қаласы арасында жұма және жексенбі күндері «Airbus А320» ұшағымен орындалатын тікелей рейстерді іске қосады.

– Бір бағыттағы билеттердің ең төменгі құны 9 мың теңгеден басталады, ол бір дана қол жүгін (5 келіге дейін). Билеттерді FlyArystan App мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтынан алуға болады, – делінген әуе компаниясы таратқан ақпаратта.