Мысыр президенті бала тууды азайтуға шақырды
Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси азаматтарды бала тууды азайтуға және отбасында екі баладан артық болмасын деп шақырды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Al-Ahram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет туудың жоғары деңгейі мемлекеттің өміріне теріс әсер етеді деп алаңдап отыр: азаматтар өмір сүру жағдайының жақсарғанын сезбейді.
– Отбасында екі баладан артық болса, өте маңызды мәселеге айналады. Мысыр үшін жыл сайын 400 мың адам өсімі оңтайлы, – деді президент.
Ал жалпы жыл сайын ел халқы 2,4 миллион адамға көбеюде.
Қазір Мысырда 101 миллионнан аса адам тұрады. Бұл көрсеткіш бойынша ел араб мемлекеттерінің арасында бірінші болып тұр.