Облыс әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Онлайн форматта өткен отырысқа ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Сағындық Лұқпанов, сондай-ақ, облыстық Мәслихаттың хатшысы мен тұрақты  комиссия төрағалары және облыстық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында «Атырау облысының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылғы міндеттер туралы», «2020 жылғы облыстық Мәслихат жұмысының есебі туралы», «2020 жылғы облыстық Қоғамдық кеңес жұмысының есебі туралы» баяндама тыңдалды.

Аймақ басшысы өңірдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін атап өтіп, барлық саладағы жасалған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, осы жылы жоспарда тұрған ауқымды жұмыстар туралы да баяндады.