27 Өзбекстан азаматы заңсыз еңбек еткен

Республика көлемінде «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл туралы Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеріс барысында жылыойлық полицейлер «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде рұқсатсыз еңбекке тартылған 27 шетелдікті анықтады. Олар Құлсары қаласындағы құрылыс нысанында жергілікті атқарушы органның  рұқсатынсыз заңсыз еңбекке тартылған Өзбекстан Республикасының азаматтары.
Заңсыз еңбек етуші шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлімімен әкімшілік іс қозғалып, іс құжаттары жинақталуда.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.