Кеше өңірде 25 адамнан Covid-19 анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте ПТР арқылы 25 адамнан коронавирус індеті  анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 5-еуі Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 19 жұмысшы, Құрманғазы ауданынан 1 адам тіркелген.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 7 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше өңірде коронавирус инфекциясынан 59 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 108 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 75 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 26, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 284 адам оқшауланып ем қабылдауда.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткіші бойынша Атырау облысы – «жасыл аймақта».