Атыраулық жас баскетболшылар – көш басында

Щучинск қаласында баскетболдан облыс құрамалардың ұлдар арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы тур ойындары өз мәресіне жетті. Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Бірінші кезеңге Қазақстанның түкпір-түкпірінен тоғыз команда келген. Олардың қатарында чемпионатқа алғаш рет қатысып отырған Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының құрамалары бар. Тур қорытындысы бойынша Атырау құрамасы бірде-бір ойыннан ұтылмай, турнирлік кестеде көш бастады.

Айта кету керек, «Атырау барыстарының» жастар командасы былтырғы ел чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.