Мұнай бағасы өсуде

Brent маркалы мұнайдың бағасы өткен жылдың қаңтарынан бері алғаш рет 63 доллардан асты.

Лондондағы ICE биржасында 2021 жылдың сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны 1,31 пайызға артып, бір баррелі 63,27 долларға дейін өсті.

Соңғы рет Brent маркалы мұнайдың бағасы бір барреліне 63,3 доллар болып 2020 жылдың қаңтарында белгіленген еді.

Ал WTI мұнайы фьючерсінің бағасы 1,4 пайызға өсіп, 60,2 доллардан сатылуда.