Былтыр Исатайда 568 сәби өмірге келді

Өткен жылы Исатай ауданында демографиялық өсім байқалды. Және медицина саласы ​жоғары білімді ​төрт дәрігермен толыққан. Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін берген Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев айтты.

– Дәрігерлер тұрғын үй және жәрдемақымен қамтылды. Сонымен бірге, өткен жылы ауданға жылжымалы диагностикалық медициналық кешен алынды. Жылжымалы кешен көмегімен

шалғай ​ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын тексеру, ​ диагностикалық, профилактикалық, емдік және сауықтыру іс-шаралары уақытылы жүргізілуде, – деді Марат Мурзиев.