Аққыстауда тұрғын үйлер салынып, саябақтар жөнделуде

Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін берген Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев айтты.

– Қазіргі таңда Исатай ауданының орталығы​ Аққыстау ауылында үш қатарлы 60 пәтерлік ​үш тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Және жеке тұрғын үй салу үшін жер кезегінде тұрған азаматтарға ​181 жер учаскесі​ берілді. Енді кезекте 455 адам қалды, – деп атап өтті Марат Мурзиев.

Сондай-ақ, әкім Исатай ауданы орталығында жаңартылған Жастар саябағы пайдалануға берілетінін атап өтті.

– Аққыстау ауылында Жастар саябағына ойын жабдықтарын орнату және ойын алаңдарын жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Және ондағы орталық алаңды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, – деді Исатай ауданының әкімі.

Бұдан бөлек, өткен жылы Исатай ауданы орталығында ​ «Qazaq eli», «Жастар саябағы», «Ардагерлер аллеясына» сәулеттік нысандар орнатылған.