Атырауда коронавирус инфекциясынан 145 адам емделіп шықты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта 291 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда 72 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 25 адам ем қабылдауда.
Сондай-ақ, кеше өңірде 25 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 4-еуі Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 16 жұмысшы, Жылыойдан – 1, Индер ауданынан 4  адамнан тіркелген.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 8 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткіші бойынша Атырау облысы – «сары аймақта».