«Атырау» украиналық «Агробизнес» командасымен ойнайды

Ақпанның 10-ы Түркияда өтіп жатқан жаттығу жиындары аясында «Атырау» клубы келесі жолдастық кездесуін өткізеді.

Мұнайшылардың ендігі қарсыласы Украина чемпионатының Бірінші лигасында өнер көрсететін Волочиск қаласының «Агробизнес» клубы.
2015 жылы негізі қаланған «Агробизнес» клубын 49 жасар Александр Чижевский жаттықтырып келеді. Биылғы маусымның 15 турынан кейін 31 ұпай жинаған «Агробизнес», турнирлік кестеде бірінші орында келеді.