Былтыр Исатайда 568 сәби өмірге келді
Өткен жылы Исатай ауданында демографиялық өсім байқалды. Және медицина саласы жоғары білімді төрт дәрігермен толыққан. Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін берген Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев айтты.
– Дәрігерлер тұрғын үй және жәрдемақымен қамтылды. Сонымен бірге, өткен жылы ауданға жылжымалы диагностикалық медициналық кешен алынды. Жылжымалы кешен көмегімен
шалғай ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын тексеру, диагностикалық, профилактикалық, емдік және сауықтыру іс-шаралары уақытылы жүргізілуде, – деді Марат Мурзиев.