Өңірлерге қажетсіз жобалар әзірленбейді
Өңірлерде қажетсіз жобаларды әзірлеуді болдырмау үшін жоспарлау кезінде нысанды салалық орталық мемлекеттік органдармен алдын ала келісу енгізіледі. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамуы министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
– Бүгінгі таңда бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыру кезінде үлгілік жобаларды міндетті түрде қолдану заңнамамен белгіленген. Биыл 10 қаңтарда сараптаманың оң нәтижесі бар 150 жобаны біріктіретін құрылыс жобаларының банкі іске қосылды, – деді министр.
Оның айтуынша, 2020 жылдың 1 мамырынан бастап сараптама порталында әлеуметтік нысандар құрылысы құнының шекті лимиттерін белгілейтін Онлайн-калькулятор іске қосылған.
– Бюджет заңнамасында тыйым салынған енді бюджеттен расталған қаржыландырусыз жобаларды әзірлеуге жол берілмейді. Қосымша, өңірлерде қажетсіз жобаларды әзірлеуді болдырмау үшін жоспарлау кезінде нысанды салалық орталық мемлекеттік органдармен алдын ала келісуді ұсынамыз, – деді Бейбіт Атамқұлов.