Covid-19: +52; -76

Атырау облысында өткен тәулікте 52 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың біреуі Атырау қаласынан тіркелсе, қалған 51-і – Теңіз кенішінің жұмысшылары.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 11 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, кеше коронавирус инфекциясынан 76 адам  емделіп шыққан.
Қазіргі уақытта 345 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 73 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 23, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 683  адам оқшауланған.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткіші бойынша Атырау облысы – «сары аймақта».