Вакцина алуға бюджеттен 50 млрд. теңге бөлінді

Қазақстандықтарды вакцинамен қамтуға бюджеттен 50 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов хабарлады.
– Жалпы бюджеттен 10 млн. адамды қазақстандық және басқа да вакцинамен камтуға қаражат бөлінді. Шамамен 50 млрд. теңге, – деді Шоранов сәрсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша, сол қаражаттың 14 млрд. теңгесі ресейлік вакцинаның үлесіне тиесілі.
Ол атап өткендей, Sputnik вакцинасының қайда шығарылғанына қарамастан олардың барлығының бағалық саясаты бірдей болады.